Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы 01 қаңтар

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады.

 

 

 

 

– Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы

 

 

 

халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kuba-prezidentine-kuttyktau-zhedelhatyn-zholdady-103457

 

 

 

Başa dön tuşu