Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді

2023 жылғы

Жетісу облысы, Қаратал ауданы

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында биыл ашылған 30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледжге барды.

 

 

 

 

Мұнда болашақ педагогтерге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі.

 

 

 

Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Колледж инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған, яғни ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандус пен арнайы лифт қойылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үштөбедегі орта мектепті аралап көрді.

Білім ошағы 1963 жылы салынған. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген.

 

 

 

 

Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

 

 

 

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады. Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-ushtobe-kalasyndagy-aleumettik-nysandardy-aralap-kordi-2795639

 

 

 

Başa dön tuşu